ҚЫСҚЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІ, МҰЗ АЙДЫНДАРЫНДА КОНЬКИ ТЕБУ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚЫСҚЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІ, МҰЗ АЙДЫНДАРЫНДА КОНЬКИ ТЕБУ
06
қаңтар
2026

ҚЫСҚЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІ, МҰЗ АЙДЫНДАРЫНДА КОНЬКИ ТЕБУ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде  оқушылардың қысқы демалыс уақыттарын тиімді  салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене белсенділігін арттыру және қысқы спорт түрлеріне деген қызығушылығын ояту мақсатында спорттық-сауықтыру шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара аясында оқушылар спорттық ойындарға қатысып,  қаламыздың мұз айдындарында, таза ауада коньки тебу арқылы уақыттарын тиімді әрі көңілді өткізді.
Аталған шараға 5–8 сынып оқушылары белсене қатысып, сынып жетекшілері тарапынан ұйымдастыру мен қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше назар аударылды. Спорттық ойындар барысында оқушылар өзара ынтымақтастықты, ұйымшылдықты және достық қарым-қатынасты көрсете білді. Ал коньки тебу кезінде балалардың ептілігі, шыдамдылығы мен физикалық белсенділігі артып, қысқы спорттың адам денсаулығына пайдалы екені нақты іс жүзінде байқалды.
Шараның мазмұнды әрі жоғары деңгейде өтуіне дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сулейменов Д.У. жауапты болып, оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, спортқа деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізді. Сынып жетекшілері оқушыларды белсенді қатысуға ынталандырып, тәртіп пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Бұл спорттық іс-шара оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және мектеп ұжымындағы жағымды атмосфераны нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды. Балалардың көтеріңкі көңіл күйі мен белсенділігі мұндай шаралардың тәрбиелік және денсаулық сақтау тұрғысынан маңыздылығын айқын көрсетті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив