"ҒАЖАЙЫПҚА ТОЛЫ ЖАҢА ЖЫЛ ! " » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
желтоқсан
2025

"ҒАЖАЙЫПҚА ТОЛЫ ЖАҢА ЖЫЛ ! "

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңының 6-бабы, 3-тармағына сәйкес,  23.12.2025 жылы  «Адал азамат» біртұтас тәрбие жоспарына сай  бастауыш сынып оқушылары арасында «Ғажайыпқа толы жаңа жыл!» тақырыбында жаңа жылдық шырша мерекесіне арналған тәрбиелік-маңызды іс-шара ұйымдастырылып, 1–4 сынып оқушыларының қатысуымен жоғары деңгейде өтті.
✨ Іс-шараның басты мақсаты –
🔹 халықтың баға жетпес игілігі саналатын бірлік пен келісім құндылығын дәріптеу,
🔹 балалар ортасында достық пен татулықты қалыптастыру,
🔹 патриоттық рухты нығайту,
🔹 оқушылардың бойында жақсылыққа сенім мен мерекелік көңіл күй сыйлау,
🔹 балалық шақта ұмытылмас жылы естеліктер қалдыру.
🎅 Мереке барысында оқушылар  ән салып, би билеп, ертегі кейіпкерлерімен бірге қызықты ойындарға қатысты. Жаңа жылдық шырша жанындағы көтеріңкі көңіл күй, балалардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық – іс-шараның тәрбиелік маңызын айқын көрсетті.
🤝 Бұл мерекелік іс-шара бірлік пен ынтымақты нығайтып, балалардың бір-біріне деген сыйластығын арттыруға, ортақ құндылықтарды бойларына сіңіруге зор ықпал етті.
🌟 «Ғажайыпқа толы жаңа жыл!» мерекесі оқушылардың жүрегінде жылулық пен қуаныш сыйлап, жаңа жылды жақсылық пен үмітке толы көңіл күймен қарсы алуға мүмкіндік берді.
🎄✨ Жаңа жыл – татулықтың, мейірім мен бірліктің бастауы болсын!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив