“ҚАЗАҚСТАН-БЕЙТІТ ЕЛ “ КӨРМЕСІ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “ҚАЗАҚСТАН-БЕЙТІТ ЕЛ “ КӨРМЕСІ
19
желтоқсан
2025

“ҚАЗАҚСТАН-БЕЙТІТ ЕЛ “ КӨРМЕСІ

Шымкент  қаласы   білім  басқармасына  қарасты  Ө. Жолдасбеков  атындағы  №9  ІТ лицейімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін мерекелеу аясында бекітілген Іс-шаралар жоспарына сай мазмұнды әрі тағылымды іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылуда.
Осы орайда «Тәуелсіздіктің 35 жылы» және «Қазақстан – бейбіт ел» тақырыптарында білім алушылардың қатысуымен үздік суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ұсынылған шығармашылық жұмыстарда оқушылар ел тәуелсіздігінің тарихи маңызы, бейбітшілік пен тұрақтылық, туған жерге деген сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерге құрмет секілді асыл құндылықтарды көркем тілмен бейнеледі.
Әрбір сурет – жас ұрпақтың ел болашағына деген сенімін, азаматтық ұстанымын, патриоттық рухын айқын көрсететін шығармашылық туынды. Көрме оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып қана қоймай, олардың ой еркіндігін, ұлттық сана-сезімін және шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор ықпал етті.
Аталған көрме арқылы білім алушылар Қазақстанның бейбітшілік пен келісімге негізделген саясатын, Тәуелсіз ел ретінде жеткен жетістіктерін терең түсініп, адал азамат ретінде қалыптасудың маңызын сезіне білді.
Бұл бастама – жас ұрпақты отансүйгіштікке, елге қызмет етуге, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеуге бағытталған маңызды тәрбиелік мәні зор іс-шаралардың бірі.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив