ЛИЦЕЙ ЕРЕЖЕСІН САҚТАУ-ОҚУШЫ МӘДЕНИЕТІНІҢ АЙНАСЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЛИЦЕЙ ЕРЕЖЕСІН САҚТАУ-ОҚУШЫ МӘДЕНИЕТІНІҢ АЙНАСЫ
11
қараша
2025

ЛИЦЕЙ ЕРЕЖЕСІН САҚТАУ-ОҚУШЫ МӘДЕНИЕТІНІҢ АЙНАСЫ

05-06 қараша 2025 жылы Шымкент  қаласы білім  басқармасына  қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 8–9–10 сынып қыздары мен ұлдарына арналған «Лицей ережесін сақтау – оқушы мәдениетінің айнасы» тақырыбында тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
 Іс-шараның мақсаты – оқушылардың лицей ережесін сақтау мәдениетін арттыру, сыртқы келбет пен киім мәдениетіне назар аударту, уақытты тиімді басқару дағдысын қалыптастыру және өзін-өзі ұстау әдебін дамыту.
«Сымбат» қыздар үйірмесінің жетекшісі Мошкалова Лаззат Демесбекқызы мен «Азамат» ұлдар үйірмесінің жетекшісі Абенова Жазира Абдимомынқызы оқушылармен ашық пікір алмасып, мектеп ережесін сақтаудың маңызын терең түсіндірді.
 Сабақ барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, сауалнамалар арқылы өз көзқарастарын білдірді. Қыз балалар сымбат пен ұқыптылықты, сыпайылықты – өзін-өзі құрметтеудің белгісі ретінде ұғынды. Ал ұл балалар тәртіп пен жауапкершіліктің нағыз азаматтық қасиет екенін түсінді.
✨ Іс-шара соңында оқушылар «Лицей ережесін сақтау – оқушы мәдениетінің айнасы, ал тәртіп пен уақытты қадірлеу – табыстың бастауы» деген тұжырымды өмірлік ұстаным ретінде қабылдады.
 Бұл жұмыс «Адал азамат біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өтіп, оқушылардың тұлғалық мәдениетін, жауапкершілігін және лицейге деген құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив