31
қазан
2025
МЕКТЕП ТЕАТРЫ-ОҚУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ МЕН РУХАНИ ДАМУДЫҢ АЙНАСЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының І тоқсан күзгі демалыстағы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Мектеп театры – оқушы шығармашылығы мен рухани дамудың айнасы» атты әсерлі іс-шарасы жоғары деңгейде өтті.
Іс-шара барысында оқушылар сахна арқылы өздерінің өнерге, сөз мәдениетіне, ұлттық құндылықтарға деген құрметін көрсетті. Театр қойылымдары арқылы олар адамгершілік, ізгілік, адалдық, еңбексүйгіштік сынды асыл қасиеттердің мәнін терең сезіне білді.
Ұстаздар мен оқушылардың бірлесе дайындаған сахналық көріністері көрермендерге рухани әсер сыйлап, шығармашылық шабыт берді. Бұл шара жас буынның эстетикалық талғамын қалыптастырып, тіл мен әдебиетке, ұлттық рухқа деген сүйіспеншілігін арттырды.
Осындай мазмұнды іс-шаралар — мектеп өміріндегі тәрбие мен шығармашылықтың үйлесім тапқан жарқын көрінісі.




