ЖҮРЕКТЕГІ ЭМОЦИЯЛАР ӘДІСІ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
қазан
2025

ЖҮРЕКТЕГІ ЭМОЦИЯЛАР ӘДІСІ

Өзіне-өзі көмектесу және өзін-өзі қорғау дағдыларын дамыту тренингі
2025–2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының (АПҚО) қызметін ұйымдастыру жоспары аясында Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты   Ө. Жолдасбеков  атындағы  №9 ІТ лицейде 6 «Ғ» сынып оқушыларымен
«Өзіне-өзі көмектесу және өзін-өзі қорғау дағдыларын дамыту» тақырыбында тренинг өткізілді.
Тренингті АПҚО жетекшілері – Мошкалова Л.Д. және Абенова Ж.А. жүргізді.
🎯 Мақсаты:
Оқушылардың өз қауіпсіздігін сақтай білу, сенімді мінез-құлық көрсету және көмек сұрау дағдыларын қалыптастыру.
🧠 Міндеттері:
Балаларды өз жеке шекараларын қорғауға үйрету;
Қысым немесе қауіп жағдайында әрекет ету алгоритмін түсіндіру;
Көмек сұрау және өз сезімін ашық білдіру дағдыларын бекіту.
✨ Тренинг барысында оқушылармен «Мен кімге сене аламын?» және «Жүректегі эмоциялар» атты қызықты психологиялық жаттығулар өткізілді.
Бұл тапсырмалар арқылы балалар өз сезімдерін тануға, сенімді қарым-қатынас орнатуға және өз ішкі күйін дұрыс жеткізуге үйренді.
👣 Сондай-ақ, тренинг кезінде «Қауіпсіздіктің 5 қадамы» ережесі талқыланды:
1️⃣ Маған қорқынышты болса, не істеймін?
2️⃣ Мен кімнен көмек сұрай аламын?
3️⃣ Жағдайдың қауіпті екенін қалай түсінемін?
4️⃣ Көмек сұрау үшін қандай сөздерді қолдануға болады?
5️⃣ Өзімді жайлырақ сезінуге не көмектеседі?
💬 Қорытынды:
Тренинг соңында қатысушылар қауіпсіз мінез-құлықтың маңызын түсініп,
«Менің қауіпсіздік жоспарым» атты практикалық тапсырманы орындады.
Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, қиын жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін және кімнен көмек сұрауға болатынын нақты білді.
Бұл іс-шара балалардың психологиялық тұрақтылығын арттырып, өзіне сенімділік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталды.
Осындай тренингтер – «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Қауіпсіз тұлға» бағытына сай, оқушының өмірлік дағдыларын дамытуға зор ықпал етеді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив