ДУБЛЕР КҮНІ – ЖАС КӨШБАСШЫЛАР МЕРЕКЕСІ ! » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ДУБЛЕР КҮНІ – ЖАС КӨШБАСШЫЛАР МЕРЕКЕСІ !
04
қазан
2025

ДУБЛЕР КҮНІ – ЖАС КӨШБАСШЫЛАР МЕРЕКЕСІ !

       

       Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты  Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде өткен Дублер күні ерекше серпін мен шабыт сыйлады. Бұл күні тек Парламент мүшелері ғана емес, әр сыныптың үздік белсенді оқушылары да өз мүмкіндіктерін сынап, мектеп өміріне жаңаша тыныс әкелді. 🌟
🔹 Оқушылар ұстаздар орнын басып, сабақ жүргізді, түрлі ұйымдастырушылық жұмыстарға араласты.
🔹 Әр сыныптың озат, жауапты жастары өзін-өзі басқарудың маңызын іс жүзінде сезінді.
🔹 Бұл күн балалардың көшбасшылық қабілеттерін шыңдап қана қоймай, жауапкершілік, бірлік пен сенім құндылықтарының мәнін терең ұғындырды.
📌 Дублер күні – оқушылардың бойындағы жасампаздықты, шығармашылықты, ұжымдық рухты танытқан маңызды шара.
Олар тек сабақ жүргізіп қана қойған жоқ, сонымен қатар мектеп өміріне тың идеялар, жаңа көзқарастар енгізуге үлес қосты.
🌱 Осындай тәжірибе оқушыларға болашақтағы өмірлік жолында сенімділік сыйлап, "менің де қолымнан келеді" деген сенім ұялатты.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив