ҰСТАЗҒА АЛҒЫС ! » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
қазан
2025

ҰСТАЗҒА АЛҒЫС !

    




 
«Ұстазға алғыс!» концерттік бағдарламасы ✨
Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты  Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде ұстаздарға деген айрықша құрмет пен алғысқа толы тамаша мерекелік «Ұстазға алғыс!» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Бұл шара барысында лицей оқушылары ұстаздарына деген риясыз алғыстарын шығармашылық өнерлері арқылы паш етті. Жас таланттар мың бұралып би билеп, сахна сәнін келтірсе, 10-сынып оқушылары жүрек жарды әндерін арнады. Хор үйірмесінің шәкірттері әсем үндерін тоғыстырып, ерекше әсерлі хор орындап, мерекелік кештің көркін аша түсті.
Бағдарламаның ең әсерлі сәттерінің бірі – лицей әкімшілігі, басшымыз бен директордың орынбасарлары ұстаздарға арнап ән шырқауы болды. Бұл сәт ұстаздардың мәртебесін асқақтатып, мерекелік көңіл-күйді одан әрі жандандыра түсті.
Концерт барысында арнайы қонақ болып шақырылған ардагер ұстаздарымыз да шәкірттері мен әріптестерінің ыстық ықыласына бөленіп, жас буынның өнеріне тәнті болды.
Бұл шараның басты құндылығы – шәкірт пен ұстаз арасындағы рухани байланыс, сыйластық пен құрметті дәріптеу. Жастардың алғыс пен ризашылыққа толы өнері ұстаздар қауымына қуаныш сыйлап қана қоймай, әр жүректе үлкен шабыт пен мақтаныш сезімін оятты.
🌹 «Ұстазға алғыс – ұрпаққа өнеге!» деген ұстаныммен өткен бұл мерекелік кеш ұстаздарымыздың еңбегін бағалау мен ұлықтаудың айқын көрінісіне айналды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив