ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН-АЛУ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН-АЛУ
04
қазан
2025

ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН-АЛУ

     
     Бүгін Шымкент  қаласы білім  басқармасына  қарасты  Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейімізде  ДТІЖО Дусметова Н.Р, лицей медбикелері Лефентова Ольга,Алсейтова Ақмарал   және АПҚО жетекшілері Мошкалова Л. Д, Абенова Ж. А түсіндірме жұмыстарын жүргізіп №1 қалалық емхананың тәжірибелі гинеколог-дәрігері Пулатова Лаура Аманжоловнамен кездесу өтті. Бұл жиынның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және жас буынға дұрыс бағыт-бағдар беру болды.
Кездесу барысында дәрігер жасөспірім кезеңдегі ағзаның ерекшеліктері, жеке бас гигиенасы, денсаулықты сақтау жолдары, жауапсыз әрекеттердің салдары туралы кеңінен тоқталды. Әсіресе, ерте жүктіліктің болашақтағы оқу мен өмірге, отбасы мен қоғамға тигізетін әсерін нақты мысалдар арқылы түсіндіріп берді.
👩‍⚕️ Қыз балаларымыз өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, кәсіби маманнан ғылыми әрі нақты жауап алды. Бұл – олардың бойындағы сенімді арттырып, ашық ойлауға, саналы шешім қабылдауға үйрететін маңызды қадам.
🔹 Мұндай кездесулердің құндылығы – жасөспірімдердің бойында жауапкершілікті қалыптастыру, дұрыс таңдау жасауға баулу, өз денсаулығына бейжай қарамауға шақыру.
🔹 Әрбір оқушының болашағы жарқын, дені сау болып қалыптасуы – қоғам үшін де үлкен игілік.
🔹 Отбасы, мектеп пен медицина мамандарының бірлесе атқарған жұмысы – тәрбиенің тұтастығы мен нәтижелілігінің кепілі.
✨ Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар лицейімізде жиі ұйымдастырылып, оқушылардың жан-жақты дамуына, олардың бойында ұлттық құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді орнықтыруға үлкен үлес қосып келеді. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив