15
мамыр
2025
15 МАМЫР - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ


«АБАЙ ӘЛЕМІ – ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ»
"15 МАМЫР - ОТБАСЫ КҮНІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінің ұжымы 15 мамыр - Халықаралақ отбасы күніне және 2025 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл және философ Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай Орталық саябағында мерекелік іс-шара өткізді. «АБАЙ ӘЛЕМІ – ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ» тақырыбындағы іс-шара "Толық Адам" концепциясы аясында Абайдың шығармаларындағы адам болудың талап-тілектерін атап, өзінің гуманистік танымы тұрғысынан өскелең ұрпақтың адамшылық негіздері, бойға ұялатар қасиеттері қандай болмақ деген ойға ерекше көңіл бөлінді.
Іс-шараға ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер, қала тұрғындары белсене қатысты.