АЛҒАШҚЫ АСХАНА САПАРЫ!
Лицейдегі алғашқы аптаның тағы бір ерекше сәті – 1-сынып оқушыларының лицей асханасына баруы. Кішкентай бүлдіршіндеріміз асхана тәртібімен танысып, дұрыс тамақтану, тазалық сақтау және тамақтану мәдениетін үйренуде. Ұстаздарының сүйемелдеуімен оқушыларымыз асханаға ұйымшылдықпен барып, ыстық тағамдарын ішіп, көңілді көңіл-күймен сыныптарына оралды. Денсаулыққа пайдалы әдет – балалық шақтан қалыптасады!