“БІЗ ҰЙЫМШЫЛ СЫНЫППЫЗ” ТАҚЫРЫБЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » “БІЗ ҰЙЫМШЫЛ СЫНЫППЫЗ” ТАҚЫРЫБЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ
05
қыркүйек
2026

“БІЗ ҰЙЫМШЫЛ СЫНЫППЫЗ” ТАҚЫРЫБЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ

Ағымдағы жылдың 4 қыркүйек күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 6 «Б» сынып және сынып жетекшісі Аширбаева Ш.С оқушыларымен «Біз ұйымшыл сыныппыз» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілгені туралы айтылды.
Тренинг барысында оқушылардың сыныптағы өзара қарым-қатынасын жақсарту, ұйымшылдыққа, бір-бірін түсінуге, қолдауға және ынтымақтастыққа тәрбиелеу мақсатында психологиялық жаттығулар ұйымдастырылды.
Психолог Мошкалова Л.Д. оқушылармен «Ортақ үй» командалық жаттығуын өткізіп, оқушылардың бірлесіп әрекет ету, өзара көмек көрсету және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар, оқушылардың эмоционалдық жағдайын анықтау және эмоцияларды ажырата білу мақсатында «Көңіл күйімді тап» психологиялық жаттығуы өткізілді.
Психолог Абенова Ж.А. оқушылардың бір-бірімен сөзсіз қарым-қатынас жасау, түсінісу және топпен әрекет ету қабілеттерін дамыту мақсатында «Сөйлеспей сапқа тұру» жаттығуын өткізді. Оқушылар арасында жағымды қарым-қатынас қалыптастыру, бір-бірінің жақсы қасиеттерін байқау және жағымды сөз айту дағдыларын дамыту үшін «Комплимент айту» жаттығуы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, сынып оқушыларының бір-біріне ұқсастықтарын анықтап, өзара жақындасуына ықпал ету мақсатында «Біз ұқсаспыз» сергіту жаттығуы жүргізілді.
Тренинг барысында оқушылар белсенділік танытып, берілген жаттығуларға қызығушылықпен қатысты. Жаттығулар оқушылардың өзара түсіністігін, достық қарым-қатынасын, ұйымшылдығын және сыныптағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталды. 
   Тренинг соңында    эмоционалдық шиеленісті азайту, көңіл-күйді көтеру, зейінді тұрақтандыру және денені босаңсыту бойынша  «Тыныштық аралы»
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив