«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» — ОҚУҒА ҚҰШТАР ҰРПАҚ ЖЕТІСТІГІ
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Кітап оқитын мектеп – 10 сынып» номинациясы бойынша Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің оқушылары жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жобаға белсене қатысып, жоғары жетістік көрсеткені үшін 10 «В» сынып оқушысы Селимова Камила, 10 «Д» сынып оқушылары Абдул Фатах Амирсеит пен Одылов Яхехон марапатталды. Жетекшісі: А.Ш.Кадирова Жеңімпаздарға арнайы диплом және 400 000 теңгелік сертификат табысталды.