Материалы за 17.03.2026 » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
“НАУРЫЗ БАЗАРЫ” АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ЖӘРМЕҢКЕ
17
наурыз
2026
“НАУРЫЗ БАЗАРЫ” АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ЖӘРМЕҢКЕ
Наурыз мейрамы – халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ең ізгі дәстүрлерінің бірі, береке мен бірліктің, жаңару мен жақсылықтың символы. Осы ұлық мерекеге орай Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Наурыз базары» атты мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шара мектеп ауласында өткізіліп, оған лицей оқушылары мен ұстаздар қауымы белсене қатысты. Жәрмеңкенің басты ерекшелігі – 7-сынып оқушыларының сатушы ретінде қатысып, өздерінің дайындаған өнімдерін ұсынуы
«БОЛАШАҚҚА -САУ ТІСПЕН» ТАҚЫРЫБЫНДА СУРЕТ БАЙҚАУЫ
17
наурыз
2026
«БОЛАШАҚҚА -САУ ТІСПЕН» ТАҚЫРЫБЫНДА СУРЕТ БАЙҚАУЫ
20 наурыз – Дүниежүзілік ауыз қуысы денсаулығын сақтау күніне орай Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде даярлық және бастауыш сынып оқушылары арасында «Болашаққа – сау тіспен» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – балаларға ауыз қуысы гигиенасының маңызын түсіндіру, тіс күтімі мәдениетін қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Оқушылар өз шығармашылықтары арқылы тіс саулығының адам өміріндегі маңызын бейнелеп, қызықты әрі мағыналы суреттер ұсынды.
SMART BALA ЖОБАСЫ
17
наурыз
2026
SMART BALA ЖОБАСЫ
Наурыз мерекесінің онкүндігі аясында лицейімізде ұлттық мәдениет тақырыбындағы ІТ жобалар мен роботтар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде оқушылар қазақтың салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын заманауи технологиямен ұштастырып, өздерінің тың ІТ жобалары мен роботтық модельдерін ұсынды. Жас өнертапқыштар ұлттық мәдениетті дәріптей отырып, бағдарламалау, робототехника және цифрлық технологиялар арқылы креативті шешімдер көрсетті. Бұл көрме – дәстүр мен технологияның үйлесімін көрсеткен ерекше алаң
16-НАУРЫЗ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ
17
наурыз
2026
16-НАУРЫЗ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ
Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT  лицейінде Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай бастауыш сыныптардың әдістемелік бірлестігі ұйымдастыруымен мазмұнды әрі тағылымы мол іс-шаралар өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға халқымыздың бай мәдени мұрасын таныстыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрге деген құрметті арттыру және жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен отансүйгіштік қасиеттерді
« НАУРЫЗ-ЖЫЛ БАСЫ » ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘРБИЕ САҒАТЫ
17
наурыз
2026
« НАУРЫЗ-ЖЫЛ БАСЫ » ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘРБИЕ САҒАТЫ
«Адал азамат біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы № 9 ІТ лицейінде 2026 жылдың 16 наурыз күні «Наурыз – жыл басы» тақырыбында 1–11 сынып оқушыларына арналған сынып сағаттары ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының тарихи және тәрбиелік мәнін түсіндіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру болды. Сынып сағаттары барысында Наурыз мейрамының
БҮГІНГІ ЖАСТАР ЕРТЕҢГІ-ЕЛ ТІРЕГІ
17
наурыз
2026
БҮГІНГІ ЖАСТАР ЕРТЕҢГІ-ЕЛ ТІРЕГІ
Жастардың референдумдағы белсенді ұстанымы Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі – референдум. Мұндай маңызды кезеңдерде қоғамның әрбір мүшесінің азаматтық жауапкершілігі мен белсенді ұстанымы ерекше маңызға ие. Әсіресе жастардың ел тағдырына бейжай қарамай, қоғамдағы маңызды үдерістерге қызығушылық танытуы – мемлекет болашағы үшін аса құнды құбылыс. Сондықтан олардың қоғамдағы саяси, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге белсенді қатысуы, өз көзқарасын білдіруі азаматтық
«МЕЙІРІМ ЖҮРЕКТЕН» АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ
17
наурыз
2026
«МЕЙІРІМ ЖҮРЕКТЕН» АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ
Референдум күні азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық бірліктің маңызын айқындайтын ерекше күндердің бірі. Осы маңызды күні лицей ауласында қоғамдағы ізгілік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде «Мейірім жүректен» атты қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың  бойына мейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық секілді адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, қоғамға
ӨМІРБЕК ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ №9 IT ЛИЦЕЙІНЕ 90 ЖЫЛ  ТҮЛЕКТЕР РУБРИКАСЫ
17
наурыз
2026
ӨМІРБЕК ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ №9 IT ЛИЦЕЙІНЕ 90 ЖЫЛ ТҮЛЕКТЕР РУБРИКАСЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде тағылымды кездесу өтті. Лицейдің 1970 жылғы түлегі, Ауған соғысының ардагері, құрметті азамат, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері Айтимбетова Гаухар Алишевна арнайы келді. Кездесу барысында ол өзінің өмір жолы туралы сыр шертіп,«Шығыстың алтын жұлдызы» атты кітабын лицей кітапханасына сыйға тартып, оның жазылу тарихымен бөлісті.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ ТАҚЫРЫБЫНДА МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ
17
наурыз
2026
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ ТАҚЫРЫБЫНДА МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу тақырыбында маңызды кездесу өтті. Кездесуге ЮНИСЕФ ұйымының (UNICEF Kazakhstan) өкілдері мен лицей психологтары қатысып, жасөспірімдердің психологиялық саулығын сақтау, эмоционалдық күйзелістің алдын алу және қиын жағдайларда қолдау көрсету мәселелері туралы пікір алмасты. Мұндай кездесулер оқушылардың психологиялық денсаулығын нығайтуға, қауіпсіз әрі қолдаушы білім беру ортасын қалыптастыруға және
ШАБЫТ ЖОБАСЫ
17
наурыз
2026
ШАБЫТ ЖОБАСЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің 3 “Ә” , 3 “Ғ” , 4 ”Ғ” сыныптарының оқушылары Шымкент қалалық қуыршақ театрының “Тазша бала-Наурыз” ертеңгілік премьерасын тамашалауға барды. Қызықты әрі тәрбиелік мәні зор қойылым балаларға ерекше әсер сыйлады. Көркем безендірілген сахна, әсерлі кейіпкерлер мен қызықты оқиға желісі оқушылардың көңілінен шығып, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балалар ұлттық құндылықтар мен Наурыз мерекесінің маңызы туралы ақпарат алды.  Жетекшілері:А.Сарсенова,