14
қараша
2025
ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ЖАҢА ТАЛАПТАРЫ
Бүгін №9 IT мектеп-лицейінде ҚР Ұлттық тестілеу орталығының Шымкент филиалының сарапшысы Әлімбетов Жеңіс Нұрмаханұлы 11-сынып ата-аналарына 2026 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің ерекшеліктері мен жаңа талаптары туралы толық ақпарат берді.
Тестілеу қалай өтетіні, онлайн тіркелу, тестілеу мерзімдері мен ережелері туралы жан-жақты түсінік алдық. Сонымен қатар, тестілеу құны және мектеп бітірушілер үшін тегін өтетінін де айтты.
Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, кездесудің пайдалы әрі мазмұнды өткенін атап өтеміз.
Баршаға сәттілік тілейміз!



