06
желтоқсан
2025
ЧЕРЛИДЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасы
«Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен өткен Шымкент Жастар Лигасы жанынан құралған “ Фан-Клуб” спорттық би сайысында лицейіміздің оқушыларында дебют болды.
Лицей фан-клубының шығармашылық тобы өздерінің энергиясымен, ұйымшылдығымен және сахна мәдениетімен көзге түсіп, лицей намысын абыроймен қорғады. Команданың әр мүшесі жарысқа тыңғылықты дайындалып, бір-бірін қолдап, жоғары деңгейде үйлесімді жұмыс атқарды. Бұл өз кезегінде оқушылардың жауапкершілігін, тәртіптілігін және ортақ мақсатқа жұмылу қабілетін бекіте түсті.
Қалалық «Фан-клубтар» қозғалысы аясындағы лицей оқушыларының өнер көрсетуі — оқушылардың таланты мен жігерінің, тәрбие мен білімнің, ынтымақ пен еңбектің ортақ жемісі. Бұл бастама жас буынның азаматтық белсенділігін арттырып, отансүйгіштік сезімін күшейтіп, мектеп қауымдастығының мәдени өмірін жандандырды.






