31
желтоқсан
2025
“АДАЛ АЗАМАТ” БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар мен тәжірибе бірлігі»
2025 жылғы 2–3 желтоқсан күндері
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық семинар-практикум аясында алынған тәжірибе лицейімізде кеңінен насихатталды.
Аталған семинар-практикум қатысушысы Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейіміздің аға тәлімгері Э.Ж. Султанбаева «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтарды білім мазмұнына интеграциялау тәсілдері тақырыбында әріптестерімен мазмұнды тәжірибе бөлісті.
Сондай-ақ, семинар барысында А.Т.Асилова және Н.Т.Абдрашева «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын пәндерге кіріктірудің тиімді жолдарын, оның оқу-тәрбие үдерісінде мақсатты әрі жүйелі қолданылу мүмкіндіктерін нақты мысалдар арқылы түсіндіріп өтті.
Бұл бағыттағы әдістемелік ұсыныстар педагогтер үшін тәжірибелік маңызы зор болды.
құндылықтарға негізделген білім беру ортасын қалыптастыруға және
«Адал азамат» тәрбиелеу мақсатын жүзеге асыруға бағытталатын болады.







