15
қараша
2025
“АТА -АНА -БАЛА АЙНАСЫ”
«Ата-анаң көңілсіз болса, қандай көмек берер едің?»* тақырыбында ерекше форматтағы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың мақсаты — баланың отбасыдағы эмоциялық хал-ахуалына, ата-анамен қарым-қатынасындағы жанашырлығына назар аудару, отбасылық құндылықтарды нығайту.
Баласымен қаншалықты жиі отырып үй тапсырмасын орындауға қанша уақытын бөлетінін білу мақсатында
Жазылған мәтінді әрбір ата-ана баласының жазуы арқылы танып білу керек болатын. Бірақ та бәрі бірдей таба бермеді
Бұл жиналыстарға пән мұғалімдерінің қатысуы да ұйымдастырылды.
Жиналыста оқушылардың оқу жетістіктері, тәртібі, пәндер бойынша оқушылардың белсенділігі мен үлгерімі талқыланды.
Мұндай кездесулер — мектеп пен ата-ана арасындағы алтын көпір.
Көңіл бөлу, қолдау көрсету, бірге сезіну — ұрпақ тәрбиесінің негізі екенін тағы бір мәрте түсіндік.











