Іс-шаралар » Страница 12 » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫ
04
қазан
2025
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫ
             Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 29.09.2025ж мұғалімдер күніне арналған спорттық жарыс тоғызқұмалақ ойындары ұйымдастырылды.Ұйымдастырушы: У.Е.Арымбекова
ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС
04
қазан
2025
ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС
А. А. Сарсенованың ұйымдастыруымен  *"Кім тапқыр?" атты зияткерлік сайыс өтті*   Бастауыш сыныптар арасында өткізілген бұл сайыста оқушылар логикалық ойлау, тапқырлық және жылдам жауап беру қабілеттерін сынады.   Тапқырлар мен білгірлер бас қосқан бұл шарада балалар үлкен қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты.   Сыныптар арасындағы достық бәсеке балалардың ой-өрісін кеңейтіп, ынтымақтастыққа тәрбиеледі.  Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталып, керемет көңіл-күй сыйлады!
БАСТАУЫШ СЫНЫП ӘДІСТЕМЕЛІК АПТАЛЫҒЫ
04
қазан
2025
БАСТАУЫШ СЫНЫП ӘДІСТЕМЕЛІК АПТАЛЫҒЫ
      Апталық барысында ұстаздар түрлі ашық сабақтар, шеберлік сағаттары, сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырып, өзара тәжірибе алмасты.   Мақсаты – бастауыш буындағы оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдерін көрсету, мұғалімдердің шығармашылығын дамыту болды.   Іс-шаралар барысында оқушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен қабілеттерін көрсете білді.  Апталық жоғары деңгейде өтіп, мұғалімдер мен оқушылар үшін мазмұнды да әсерлі болды. Бастауыш – болашақтың іргетасы!
ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ
25
қыркүйек
2025
ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ
      Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде 25.09.2025 жылы  мектептің өзін- өзі басқару ұйымының отырысы өтті. Ұстаздар күніне арналған "Дублер күнін" және мектеп парламентінің президентін сайлауды өткізуге дайындық жұмыстары талқыланды.
КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КЕЗДЕСУІ
23
қыркүйек
2025
КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КЕЗДЕСУІ
                 Шымкент  қаласы білім басқармасына қарасты  Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейде ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының дене шынықтыру даярлығы кафедрасының доценті, полиция подполковнигі Кабидуллинов Ержан Айтбайұлы лицейіміздің 11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар кездесуін өткізді.  Кездесу барысында болашақ мамандық таңдаудың маңызы, құқық қорғау саласының ерекшеліктері жайлы кеңінен сөз қозғалды.  Академия курсанттары – Дебей Айгерім Сапарбекқызы, Серікбай
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
23
қыркүйек
2025
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
  «Еңбек – жай ғана қызмет емес, адам болмысының айнасы» / «Труд – это не просто деятельность, а зеркало человеческого бытия»  «Адалдық – атадан қалған мұра» / «Честность – наследие, оставленное отцами» Шымкент қаласы  білім  басқармасына  қарасты Ө.Жолдасбеков  атындағы  №9  ІТ  лицейде  «Адал  азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушылардың еңбекқорлығын, жауапкершілігін және адалдық құндылығын дамытуға арналған сынып тәрбие сағаттары өтті.  Сабақ барысында Абайдың «Еңбек – адам
ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ИЕСІ - БҮГІНГІ ҰСТАЗДАР
23
қыркүйек
2025
ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ИЕСІ - БҮГІНГІ ҰСТАЗДАР
                        Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 IT лицейінің педагог-психологы Ә.Б.Бектаева мұғалімдер мен жас мамандарға  "Жарқын болашақ иесі - бүгінгі ұстаздар" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.  Психологиялық тренинг мақсаты: жас мамандардың өзіне деген сенімділігін қалыптастыру, ұстаздық мамандықтың маңыздылығын ұғындыру және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру арқылы олардың жарқын болашаққа деген көзқарасын нығайту. Тренинг барысында қатысушылар бір-бірімен
ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАС ӨРЕН ЖОБАСЫ
20
қыркүйек
2025
ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАС ӨРЕН ЖОБАСЫ
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында – «Мамандықтар әлемі» кездесу! Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты    Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде «АДАЛ АЗАМАТ» бірыңғай тәрбие бағдарламасының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 11-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл кездесудің мақсаты – оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыру, еңбекке адалдық пен жауапкершілікті дәріптеу, болашақ мамандық таңдауында саналы шешім қабылдауына бағыт-бағдар беру.
ӘДІСТЕМЕЛІК АПТАЛЫҚ ІС-ШАРА
20
қыркүйек
2025
ӘДІСТЕМЕЛІК АПТАЛЫҚ ІС-ШАРА
               Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 18.09.25ж Дене шынықтыру және АӘД кафердрасының әдістемелік апталық іс-шара барысында«волейбол» ойындары 7-ші сыныптар арасында қыздар тобы  ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы дене шынықтыру пәні мұғалімі: Истыкулова. Бактыгуль Кошеновна
ТАЗАЛЫҚ ПЕН ДЕНСАУЛЫҚ-БАҚЫТТЫ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
20
қыркүйек
2025
ТАЗАЛЫҚ ПЕН ДЕНСАУЛЫҚ-БАҚЫТТЫ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
      Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейімізде 1, 2 ауысым 6,7-сынып  қыз балаларымен өте маңызды әрі тәрбиелік мәні зор кездесу ұйымдастырылды. Бұл жиналыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдердің репродуктивті және психикалық денсаулығын қорғау, оларды салауатты өмір салтына баулу, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болды. Жиында ДТІЖО Дусметова Н.Р, лицей медбикелері Лефентова Ольга,Алсейтова Ақмарал  және АПҚО жетекшілері Мошкалова Л.