10
мамыр
2019
"Адалдық алаңы" сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жобасы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 лицейде 10.05.2019 жылы жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жаңа әдістер енгізу, жас ұрпаққа адалдық мәдениетін қалыптастыру және дамыту мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Әли Амантайұлы Көмекбаев жоғары сынып оқушылармен сұхбаттасты.Кездесуге "Шымкент- Адалдық алаңы" жоба кеңсесінің басшысы Ерасыл Төлебаев, Шымкент Қаласы білім басқармасының басшысының м.у.а. А.Текебаева, бас маман А.Адеев қатысты. Қонақтар лицейдегі "Адалдық дүкенің" жұмысымен танысты.