28
қыркүйек
2026
АДАЛДЫҚ – АДАМДЫҚТЫҢ АЙНАСЫ
Ө. Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес, «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында 30 қыркүйек – Әділет органдарының күніне орай «Адалдық – атадан қалған мұра» тақырыбында тағылымды түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар арасында адалдық, әділдік, жауапкершілік, заңға құрмет және парасаттылық құндылықтарын дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығы арқылы адал азаматтық ұстанымды қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған құқықтық мәдениетті нығайту.
Түсіндіру жұмысын «Адал ұрпақ» ерікті клубының жетекшісі Э. Ж.Султанбаева және 2025–2026 оқу жылының лицей президенті Нурабдин Амина Бауыржанқызы жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға адалдықтың адам өміріндегі орны, әділ шешім қабылдаудың маңызы, өз ісіне жауапкершілікпен қарау және заң талаптарын құрметтеу туралы мазмұнды түсіндірме берілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына кері әсері және оның алдын алуда әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі сөз болды.
Үміткер болуға ниетті білім алушыларға өз бағдарламасын сауатты құру, нақты мақсат қою, бастамаларын ұсыну және мектеп оқушыларының мүддесін қорғауға дайын болу жөнінде бағыт-бағдар берілетіні атап өтілді.
Әділдік бар жерде – сенім бар.
Сенім бар жерде – жарқын болашақ бар!
Бүгінгі жас – ертеңгі ел азаматы. Сондықтан оқушының әрбір дұрыс таңдауы, адал әрекеті мен қоғамдық белсенділігі – жауапты әрі парасатты қоғам қалыптастырудың маңызды қадамы.



