ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ! » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ!
28
қыркүйек
2026

ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ!

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында білім алушылардың төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік сауаттылығын арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету алгоритмін меңгерту, қауіптің алдын алу мәдениетін қалыптастыру, өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында лицейдің директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Н.Р. Дусметова және А.Т. Асилованың ұйымдастыруымен, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Б.Сәрсенбеков оқушыларға қауіпсіздік талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
🔹 Оқушыларға төтенше жағдайлардың негізгі түрлері және олардың алдын алу жолдары түсіндірілді;
🔹 Қауіп төнген кездегі іс-әрекет алгоритмдері таныстырылды;
🔹 Эвакуация тәртібі мен қауіпсіз орынға шығу талаптары пысықталды;
🔹 Оқу-жаттығу барысында оқушылардың шұғыл әрі дұрыс шешім қабылдау дағдылары қалыптастырылды;
🔹 Қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулықтар беріліп, олардың күнделікті өмірде сақталуының маңыздылығы түсіндірілді.
🚨 «Қауіпсіздік сауаттылығы – төтенше жағдай кезіндегі дұрыс шешімнің негізі» қағидасы негізінде өткізілген оқу-жаттығу оқушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік берді.
Қауіпсіздік – тек ережелер жиынтығы емес, ол жауапкершілік, тәртіп, сақтық және өзгенің өміріне құрметпен қарау мәдениеті. Осындай жүйелі жұмыстар арқылы білім алушылардың өмір қауіпсіздігіне деген саналы көзқарасы қалыптасып, кез келген төтенше жағдайда сабыр сақтап, нақты әрі дұрыс әрекет ету дағдылары жетілдіріледі.
📚 «Адал азамат» – жауапкершілігі жоғары, тәртіпті, қауіпсіздік мәдениетін меңгерген тұлға қалыптастыруға бағытталған тәрбие кеңістігі.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив