22
қыркүйек
2026
“БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ - МЫҚТЫ ҰЖЫМНЫҢ НЕГІЗІ “ ТАҚЫРЫБЫНДА ТИМБИЛДИНГ ІС-ШАРАСЫ
Ағымдағы жылдың 19 қыркүйек күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейде жас педагогтар арасында өзара ынтымақтастықты нығайту, ұжымдық бірлікті арттыру, әріптестер арасындағы жағымды қарым-қатынас пен сенімді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Бірлік пен ынтымақтастық – мықты ұжымның негізі» тақырыбында тимбилдинг іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның ашылу салтанатын ДБОҒЖО Сеитова.Ж.И ашып, педагогтерге ізгі тілегін білдіріп, ұжымдық бірліктің, өзара қолдау мен ынтымақтастықтың мектеп жұмысының сапасына тигізетін маңызына тоқталды. Ол барлық қатысушыларға белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл күймен қатысуға шақырды.
Іс-шараның алғашқы бөлімінде педагогтердің бір-бірімен жақынырақ танысуына және еркін қарым-қатынас орнатуына бағытталған танысу жаттығулары жүргізілді. Жаттығулар барысында мұғалімдер өздерін таныстырып, әріптестерімен пікір алмасып, жағымды психологиялық ахуал қалыптастырды.
Тимбилдинг бағдарламасының спорттық ойындар бөлімін Укибаев А. ұйымдастырып, өткізді. Педагогтер бірнеше топқа бөлініп, командалық спорттық ойындар мен жарыстарға белсенді қатысты. Ойындар барысында қатысушылардың ұйымшылдығы, шапшаңдығы, өзара қолдауы және бірлесіп шешім қабылдау қабілеттері байқалды.
Тимбилдинг іс-шарасын ұйымдастыруға және мазмұнды өткізуге Мошкалова Л, Абенова Ж және Бөртебаев Бекжан жауапты болып, педагогтердің белсенді қатысуына жағдай жасап, командалық және психологиялық бағыттағы тапсырмаларды үйлестірді.
Іс-шара барысында мұғалімдер арасында достық қарым-қатынас, өзара қолдау, сенім, ұйымшылдық және командалық рух қалыптасты. Қатысушылар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл күймен өзара тәжірибе және жағымды эмоциялармен бөлісті.
Тимбилдинг соңында қатысушылар іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, осындай бірлескен шараларды алдағы уақытта да жалғастыру жөнінде өз пікірлерін білдірді.




