ТӘРБИЕ САҒАТЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
қыркүйек
2026

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

2026–2027 оқу жылының 2-аптасы аясында — 07.09.2026 ж. лицейімізде білім алушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға, отбасылық тәрбиені дәріптеуге және қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған сынып сағаттары өткізілді.
Аптаның дәйексөзі «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» — «Сильный одолеет одного, знающий — тысячу» тақырыбы аясында оқушыларға білімнің құндылығы мен оның адам өміріндегі маңызы түсіндірілді.
Сынып сағаттарында «Біздің қала (кент), аудан», «Отбасындағы сыйластық», «Мен және менің отбасым» тақырыптары қамтылып, оқушылар туған жерге деген сүйіспеншілік, отбасы мүшелерін құрметтеу, өзара сыйластық пен жауапкершілік туралы ой бөлісті.
Сонымен қатар барлық сыныптарда жас ерекшеліктеріне сәйкес қауіпсіздік сабақтары ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушылары жолда және көшеде өзін-өзі ұстау ережелерімен танысып, «Мен және менің отбасым» тақырыбында шығармашылық жұмыстар мен бейнероликтер әзірледі. Төтенше жағдай туындаған кезде жедел қызметтерге дұрыс қоңырау шалу тәртібі түсіндірілді.
5–11 сынып оқушыларымен мектептегі қауіпсіздік, көшедегі қауіпті нысандардан сақтану, бейтаныс адамдармен қарым-қатынастағы қауіпсіздік, саяхат кезіндегі төтенше жағдайлар, қауіпті хобби, құқықтар мен міндеттерді білу және қоғамдық іс-шараларда қауіпсіз ортаны сақтау мәселелері кеңінен қарастырылды.
Өткізілген сынып сағаттары мен қауіпсіздік сабақтары оқушылардың жауапкершілігін арттыруға, өмірлік қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға және саналы, білімді, адал азамат болып қалыптасуына бағытталды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив