МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ
05
маусым
2026

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейі жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар «Эстафеталық жарыстар», «Асық ойыны» және «Арқан тарту» секілді ұлттық және спорттық сайыстарға белсене қатысып, өздерінің ептіліктері мен шапшаңдықтарын, ұйымшылдықтары мен жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Ұлттық ойындар арқылы балалар халқымыздың мәдени мұрасымен жақынырақ танысып, достық пен бірліктің, татулық пен өзара қолдаудың маңызын сезінді.
Жарыс барысында әр қатысушы белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мұндай шаралар жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелейді.
Іс-шара соңында жарыстарға белсене қатысқан оқушылар марапатталып, арнайы мадақтамалармен және естелік сыйлықтармен наградталды. Балалардың қуанышты жүздері мен жеңіске деген құлшыныстары мерекенің мәнін арттыра түсті.
Мемлекеттік Рәміздер күні құтты болсын! Көк Туымыз биікте желбіреп, Тәуелсіз еліміздің мәртебесі асқақтай берсін!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив