“БАЛДӘУРЕН” ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “БАЛДӘУРЕН” ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ
29
мамыр
2026

“БАЛДӘУРЕН” ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ

28.05.2026 жылы Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде  «Балдаурен» жазғы сауықтыру лагері 2025-2026 оқу жылының шымылдығын түріп, өз жұмысын бастады.
Лагерьдің алғашқы күні «Қайырлы күн, жас өрен!» атты ұйымдастыру күнімен басталып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше әсер сыйлады. Жазғы демалысты тиімді ұйымдастыруды мақсат еткен лагерьдің алғашқы күнінде оқушылар қабылданып, ата-аналардан қажетті өтініштері жинақталды. Сонымен қатар, балалар топтарға бөлініп, өз топ жетекшілерімен танысты. Бұл оқушылардың ортаға тез бейімделуіне, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатуына және лагерь өміріне белсенді араласуына мүмкіндік берді.
Күннің маңызды бөлігінің бірі – лагерь кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру болды. Оқушыларға қауіпсіздік талаптары жан-жақты түсіндіріліп, тәртіп сақтау, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау, қоғамдық ортада өзін ұстау мәдениеті жөнінде ақпараттар берілді. Балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада демалуына ерекше көңіл бөлінді.
Ұйымдастыру күні аясында түрлі бой жазу ойындары өткізіліп, оқушылар сергіту жаттығулары мен көңілді командалық ойындарға белсене қатысты. Бұл шаралар балалардың шапшаңдығын, ұйымшылдығын арттырып қана қоймай, олардың бір-бірімен жақын араласуына, жағымды эмоция алуына ықпал етті.
«Балдаурен» лагерінің басты мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізуге жағдай жасау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Алдағы уақытта лагерьде танымдық, спорттық, шығармашылық бағыттағы көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік жасалмақ.
Аталған шараның жоғары деңгейде өтуіне топ жетекшілері мен дене шынықтыру пәні мұғалімдері белсенді атсалысып, балалардың көңілді әрі қауіпсіз демалыс өткізуіне өз үлестерін қосты. Ұйымшылдық пен жауапкершілік танытқан ұстаздар қауымы оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, лагерьдің алғашқы күнін есте қаларлықтай өткізді.
«Балдаурен» жазғы лагері — жарқын сәттерге, жаңа достыққа, қызықты демалыс пен тәрбиелік мәні зор шараларға толы орта болмақ.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив