26
мамыр
2026
ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ – ҚОҒАМ БОЛАШАҒЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде “Заң мен тәртіп ” жобасы аясында 7–8 және 9–10 сынып оқушыларына арналған профилактикалық тәрбие сабағы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында жасөспірімдер арасында психо-белсенді заттарды қолданудың зияны, оның адам денсаулығына, психологиясына және қоғамға тигізетін кері әсері туралы маңызды мәліметтер берілді.
Аталған тәрбие сағатын қала прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары, Әділет кеңесшісі Ергешов Батыр Шақшанбайұлы өткізді. Кездесу барысында оқушыларға құқықтық сауаттылық, салауатты өмір салтын ұстану және зиянды әдеттердің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Лицей оқушылары өз сұрақтарын қойып, пайдалы ақпараттармен бөлісті.



