ТӘРБИЕ САҒАТЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
мамыр
2026

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде ағымдағы жылдың 18 мамыр күні «Қорытынды сабақ» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағаттарының мақсаты – оқу жылы бойынша оқушылардың жетістіктерін қорытындылау, жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды. Сабақ барысында білім алушылар оқу жылындағы жетістіктерін саралап, алдағы демалысты тиімді әрі қауіпсіз өткізу жолдары жөнінде пікір алмасты.
📌 Аптаның дәйексөзі:
«Жалғанда ойлап тұрсаң бірлік керек, бірлікті ойлау үшін тірлік керек»
— Төле би
Дәйексөз аясында оқушыларға бірлік пен татулықтың маңызы түсіндіріліп, ұйымшылдық пен өзара қолдаудың адам өміріндегі орны ерекше екені айтылды.
🔐 Қауіпсіздік сабақтарында маңызды тақырыптар қарастырылды:
🚨 1–4 сынып оқушылары «Жедел қызметтерге қалай қоңырау шалуға болады?» және «Жол белгілері мен жолға салынатын таңбалар» тақырыптарымен танысты. Оқушыларға төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету, жол қозғалысы ережелерін сақтау және қауіпсіздік талаптарын орындау жолдары түсіндірілді.
🌧️ 5–8 сыныптарда «Үйге қауіпсіз оралу: қолайсыз ауа райында не істеу керек?» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқушыларға табиғи құбылыстар кезінде сақтық шараларын сақтау туралы ақпарат берілді.
🛡️ 9–11 сынып оқушылары «Өз әрекеттеріңіз үшін жауапкершілікті қалай қабылдауға және мектептегі қауіпсіз ортаны қалай сақтауға болады?» тақырыбында пікір алмасып, қауіпсіз орта қалыптастырудағы жауапкершілік пен тәртіптің маңызын талқылады.
✨ Тәрбие сағаттары мазмұнды әрі тағылымды өтті. Осындай іс-шаралар оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, жауапкершілік пен бірлік құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив