ТӘРБИЕ САҒАТЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
мамыр
2026

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «15 мамыр – Халықаралық отбасы күні» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты – отбасының қоғамдағы маңызын түсіндіру, жанұя құндылықтарын дәріптеу, ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру болды. Сабақ барысында оқушылар отбасының әр адамның өміріндегі орны, сыйластық пен өзара қолдаудың маңызы туралы ой бөлісіп, отбасы бірлігінің қоғам тұрақтылығының негізі екенін ұғынды.
📌 Аптаның дәйексөзі:
«Бірлік жоқ болса ұйым жоқ, ұйым жоқ болса күнің жоқ»
Осы нақыл сөз аясында оқушыларға бірлік пен татулықтың кез келген ортадағы табыстың кепілі екені түсіндірілді.
🔐 Қауіпсіздік тақырыптары бойынша да маңызды түсіндірме жұмыстары жүргізілді:
☎️ 1–4 сынып оқушылары «Жедел қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлері» тақырыбында төтенше жағдайда хабарласатын қызмет түрлерімен танысып, оларды дұрыс пайдалану жолдарын үйренді.
🏫 5–8 сыныптарда «Мектептегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары» тақырыбы қарастырылып, білім алушыларға мектеп аумағындағы тәртіп сақтау, қауіпсіздік талаптарын орындау және жауапкершілік туралы түсіндірілді.
📞 9–11 сынып оқушылары «Жедел қызметтер мен сенім телефондарының нөмірлері» тақырыбында ақпарат алып, қиын жағдайларда көмекке жүгіну тәртібі мен қолдау көрсету қызметтері жайлы мәліметтермен танысты.
✨ Тәрбие сағаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың белсенді қатысуымен өтті. Осындай мазмұнды іс-шаралар жас ұрпақтың отбасылық құндылықтарды құрметтеуіне, жауапкершілік сезімін қалыптастыруына және қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив