“ОТБАСЫЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕР” ТАҚЫРЫБЫНДА СУРЕТ БАЙҚАУЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “ОТБАСЫЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕР” ТАҚЫРЫБЫНДА СУРЕТ БАЙҚАУЫ
08
мамыр
2026

“ОТБАСЫЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕР” ТАҚЫРЫБЫНДА СУРЕТ БАЙҚАУЫ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде ағымдағы жылдың 06 мамыр күні “Адал азамат-біртұтас тәрбие “бағдарламасы аясында Үйірме жетекшілері Мошкалова Лаззат Демесбековна  және  Абенова Жазира Абдимомынқызының бастамасымен «Отбасылық дәстүрлер» тақырыбында сурет байқауы өтті.
Мақсаты: Оқушылардың бойында отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ұлттық салт-дәстүрлерге деген құрметті арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқушылар өз жұмыстарында отбасы мүшелерінің бірлескен еңбегін, мерекелік жоралғыларды (тұсаукесер, бата беру, т.б.) және күнделікті өмірдегі сыйластықты көркемдік тәсілдермен бейнеледі. Қатысушылар жұмыс барысында өз отбасыларының ерекшеліктері туралы баяндап, дәстүр сабақтастығының маңыздылығын талқылады. Суреттер мазмұнының тереңдігімен және түстердің үйлесімділігімен ерекшеленді.
 Орта буын оқушылары өз туындыларында отбасылық құндылықтарды, жылылық пен ата-бабадан қалған асыл мұраларды бейнеледі.
🎨 Әр суретте – бір әлем. Бірінде мерекелік дастарқан басындағы ақ бата болса, бірінде бірлесіп ағаш егу немесе ұлттық ойындар бейнеленген. Балалардың қиялы мен отбасына деген махаббаты бізді тәнті етті!
✨ Сіздердің отбасыларыңызда қандай ерекше дәстүр бар? Комментте бөлісе кетіңіздер!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив