ТӘРБИЕ САҒАТЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
сәуір
2026

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде ағымдағы жылдың 2 мамыр күні «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға еліміздегі ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулық пен бірліктің маңызын түсіндіру, достық пен сыйластыққа тәрбиелеу болды. Сабақ барысында білім алушылар Қазақстандағы түрлі этностардың мәдениеті мен дәстүрлері туралы айтып, бірлік пен бейбітшіліктің құндылығын терең ұғынды.
📌 Аптаның дәйексөзі:
«Білікті білім жинап кәсіп етер, білімнің дәмін татып өсіп-өнер»
Бұл нақыл сөз арқылы оқушыларға білімнің адам өміріндегі рөлі мен оның болашақ табыстың негізі екені түсіндірілді.
🔐 Қауіпсіздік тақырыптары бойынша да маңызды ақпараттар берілді:
👦 1–4 сыныптарда «Жасанды интеллект мүмкіндіктері. Ата-аналардың дауыстарымен қоңырау шалу» тақырыбы қарастырылып, балаларға заманауи технологиялардың мүмкіндіктерімен қатар, алаяқтықтың жаңа түрлерінен сақтану жолдары түсіндірілді.
🚸 5–8 сынып оқушыларына «Бейтаныс адамның шақыруынан қалай сенімді және қауіпсіз бас тартуға болады?» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, күмәнді жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдылары қалыптастырылды.
🛑 9–11 сыныптарда «Зорлық-зомбылықтан қорғану: оның әдістерін және көмекке жүгіну қағидаларын білу» тақырыбы талқыланып, оқушыларға өз құқықтарын қорғау, қауіп төнген жағдайда тиісті орындарға жүгіну жолдары үйретілді.
✨ Тәрбие сағаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың белсенді қатысуымен өтті. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың елжандылық қасиеттерін арттырып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив