27
сәуір
2026
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ МЕКТЕПТЕГІ БУЛЛИНГ ЖӘНЕ КИБЕРБУЛЛИНГ – КІМ КІНӘЛІ ЖӘНЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК ?
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде ағымдағы жылдың 25 сәуір күні «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 7–8 сынып оқушыларымен «Мектептегі буллинг және кибербуллинг: кім кінәлі және не істеу керек?» тақырыбында құқықтық тәрбие сағаты жоғары деңгейде өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың болуына жол бермеу.
Сабақ барысында оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің түрлері, олардың қоғамға және жеке тұлғаға тигізетін кері әсері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мұндай әрекеттер үшін қарастырылатын жауапкершілік түрлері айтылып, нақты мысалдар арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оқушылар түрлі жағдаяттарды талқылап, өз пікірлерін ортаға салып, мәселенің шешу жолдарын ұсынды. Бұл өз кезегінде олардың сыни ойлау қабілетін дамытып, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.
Аталған тәрбие сағатын өткізген – Ергеш Батыр Шақшанбайұлы.
Осындай мазмұнды іс-шаралар өскелең ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастырып, оларды жауапкершілігі жоғары, заңға құрметпен қарайтын саналы азамат ретінде тәрбиелеуге бағытталған.


