РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ
27
сәуір
2026

РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ

Ө.Жолдасбеков атындағы  №9 ІТ лицейінде өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен маңызды профилактикалық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылардың репродуктивті және психикалық денсаулығын сақтау, сондай-ақ қоғамда өзекті болып отырған ерте жүктіліктің, маскүнемдік пен нашақорлықтың, лудомания мен құмар ойындардың алдын алу мәселелері жан-жақты талқыланды.
Кездесу мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай түсіндіріліп, олардың өмірлік дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Маман спикерлер жасөспірімдерге зиянды әдеттердің адам өміріне тигізетін кері әсерін нақты мысалдар арқылы түсіндіріп, дұрыс таңдау жасау, жауапкершілік пен өзін-өзі қорғау мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – буллинг пен кибербуллингтің алдын алу тақырыбы кеңінен қамтылды. Оқушыларға интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық сақтау, жеке деректерді қорғау, сондай-ақ психологиялық қысымға тап болған жағдайда қайда және қалай жүгіну керектігі жөнінде нақты ақпарат берілді.
Іс-шара барысында ашық диалог алаңы ұйымдастырылып, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан тұшымды жауап алды. Бұл формат оқушылардың сенімділігін арттырып, өз мәселелерін жасырмай, дер кезінде көмек сұрауға ынталандырды.
Мұндай кешенді профилактикалық жұмыстар – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Білім беру ұйымы алдағы уақытта да тиісті мекемелермен бірлесе отырып, оқушылардың жарқын болашағы үшін жүйелі жұмыстарды жалғастырады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив