21
сәуір
2026
МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРАКТИКАЛЫҚ ОҚУ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 2026 оқу жылы аясында 10-сынып оқушы қыздарымен «Алғашқы медициналық көмек» және «Жұқпалы аурулар: тұмау, қызылша» тақырыптарында медициналық практикалық оқу өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, алғашқы медициналық көмекті сауатты көрсетуге үйрету, сондай-ақ жұқпалы аурулардың таралу жолдары мен олардың алдын алу шаралары туралы түсініктерін кеңейту болды.
Практикалық сабаққа №1 емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Жайшыбекова Қалида Урметовна арнайы шақырылып, өз тәжірибесімен бөлісті. Маман оқушыларға түрлі жағдайларда көрсетілетін алғашқы көмек түрлерін (жарақат алу, қан кету, есінен тану және т.б.) түсіндіріп, нақты мысалдар арқылы көрсетіп берді. Сонымен қатар тұмау мен қызылша сияқты жұқпалы аурулардың белгілері, таралу жолдары және олардан сақтану тәсілдері жан-жақты талқыланды.
Сабақ барысында оқушылар теориялық біліммен қатар практикалық жаттығулар орындап, алғашқы көмек көрсету тәсілдерін іс жүзінде қолданып көрді. Бұл олардың өмірлік маңызды дағдыларды меңгеруіне үлкен мүмкіндік берді.
Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауаптар алды. Мұндай тәжірибелік сабақтар оқушылардың денсаулық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, олардың жауапкершілігін арттыруға және қауіпсіздік дағдыларын нығайтуға ықпал етеді.
Аталған іс-шара жас ұрпақтың өмірге деген дайындық деңгейін арттырып, кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай алатын тұлға болып қалыптасуына өз үлесін қосады.



