КИБЕРҚАУІПСІЗДІК- ЗАМАН ТАЛАБЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » КИБЕРҚАУІПСІЗДІК- ЗАМАН ТАЛАБЫ
21
сәуір
2026

КИБЕРҚАУІПСІЗДІК- ЗАМАН ТАЛАБЫ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 8-сынып оқушыларымен киберқауіпсіздік тақырыбында профилактикалық кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты – оқушыларға интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, киберқылмыстың алдын алу және жеке мәліметтерді қорғау мәдениетін қалыптастыру болды. Іс-шара барысында оқушыларға әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану, бейтаныс сілтемелер мен ақпараттарға сақ болу, онлайн алаяқтықтан қорғану жолдары кеңінен түсіндірілді.
Кездесуге арнайы шақырылған қонақтар – Әл-Фараби АПБ КҚБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Дінмұхаммед Бекболатұлы, Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ ҚҚБ ЮПБ полиция капитаны Ж.Қ.Шахалақ, лицей директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Б.С. Донаева, сондай-ақ ДТЖЖО А.Т.Асилова мен Н.Р.Дусметова қатысты.
Мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, нақты мысалдар келтіре отырып, оқушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, цифрлық қауіпсіздікке деген жауапкершілігін күшейтуге ықпал етті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив