ТӘРБИЕ САҒАТЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
сәуір
2026

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 20 сәуір күні «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға болашақ мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндіру, әр мамандықтың қоғамдағы рөлін ұғындыру және жеке қабілеттеріне сай бағыт-бағдар беру болды. Сабақ барысында оқушылар өз армандарымен бөлісіп, түрлі мамандықтар туралы пікір алмасты.
📌 Аптаның дәйексөзі:
«Болашағы зор мамандықтар жоқ, тек болашағы зор мамандар бар»
Осы қанатты сөз аясында білім алушыларға табысқа жетудің басты кепілі – үздіксіз ізденіс пен еңбек екені түсіндірілді.
🔐 Қауіпсіздік тақырыптары бойынша да маңызды түсіндірме жұмыстары жүргізілді:
👦 1–4 сыныптарда «Отбасылық құпия сөз» тақырыбы қарастырылып, балаларға бейтаныс адамдардан сақтану, ата-анамен келісілген құпия сөзді қолдану арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары түсіндірілді.
🚗 5–8 сынып оқушылары «Жүргізуші еңбегінің ерекшеліктері және оның негізгі міндеттері. Заманауи көлік – жоғары қауіптілік аймағы» тақырыбында жол қауіпсіздігі ережелерімен танысып, көлік құралдарының қауіптілік деңгейі туралы мағлұмат алды.
🤝 9–11 сыныптарда «Шынайы достық пен жалған достықты ажырату» тақырыбы қозғалып, оқушылар достықтың құндылығы, сенім мен адалдықтың маңызы жөнінде ой бөлісті.
✨ Тәрбие сағаты барысында оқушылардың белсенділігі жоғары болып, әр тақырып бойынша пайдалы ақпараттармен толықты. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың саналы таңдау жасауына, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және рухани дамуына оң әсерін тигізеді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив