“ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ-ҰЛТ БОЛАШАҒЫ: ӘКЕ ӨНЕГЕСІ, АНА ӨСИЕТІ “ ТАҚЫРЫБЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ-ҰЛТ БОЛАШАҒЫ: ӘКЕ ӨНЕГЕСІ, АНА ӨСИЕТІ “ ТАҚЫРЫБЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
17
сәуір
2026

“ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ-ҰЛТ БОЛАШАҒЫ: ӘКЕ ӨНЕГЕСІ, АНА ӨСИЕТІ “ ТАҚЫРЫБЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

Ағымдағы жылдың 16 сәуір күні «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы жоспарына сәйкес Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы: әке өнегесі, ана өсиеті» тақырыбында тағылымы терең, мазмұны ауқымды тәрбиелік кездесу ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, әке мен ананың бала тәрбиесіндегі рөлін айқындау, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие мен рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау болып табылады.
Кездесуге Шымкент қаласының құрметті ардагерлері, қоғам қайраткерлері мен саланың білікті мамандары қатысып, жас ұрпаққа өмірлік тәжірибелері мен тағылымды ой-пікірлерін жеткізді. Атап айтқанда:
— Жандосова Баян Айтбековна – білім саласының ардагері, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі;
— Қожахметов Бектай – «Әкелер мектебінің» төрағасы;
— Алтанова Ынтызар – Аналар кеңесінің төрағасы;
— Нұртаева Әсия – Жастармен жұмыс істеу комиссиясының төрағасы;
— Нурсейт Еркін – Білім басқармасының ардагері;
— Еспенбетов Бахыт Есіркепұлы – Әл-Фараби аудандық ардагерлер алқасының төраға орынбасары, кездесу модераторы.
Кездесу барысында спикерлер отбасы тәрбиесінің қоғамдағы орны, әке өнегесінің жауапкершілік пен тәртіпке баулудағы рөлі, ана өсиетінің мейірім мен ізгілікке тәрбиелеудегі маңызы туралы кеңінен ой қозғады. Сондай-ақ қазіргі таңда жастар тәрбиесінде кездесетін өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары жөнінде мазмұнды пікірлер айтылды. Іс- шараны ұйымдастырған директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Т Асилова.
Іс-шара барысында оқушылар тарапынан 
қойылған сұрақтарға қонақтар тұщымды жауап беріп, өмірлік тәжірибелерінен мысалдар келтірді. Бұл өз кезегінде жас буынның ой-өрісін кеңейтіп, олардың рухани дамуына оң ықпал етті.
Кездесудің ерекше сәттерінің бірі – лицейдің домбыра үйірмесінің белсенді оқушыларының өнер көрсетуі болды. Олар қазақтың күй өнерін нақышына келтіре орындап, ұлттық рухты асқақтатты. Бұл көрініс іс-шараның тәрбиелік мәнін одан әрі арттырып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Жалпы алғанда, бұл кездесу – отбасы құндылықтарын дәріптейтін, ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын, «Адал азамат» тәрбиесін жүзеге асырудағы маңызды тәрбиелік алаң болды.
Осындай мазмұнды іс-шаралар жас ұрпақтың бойында ұлттық сана, адамгершілік қасиет және елге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив