13
сәуір
2026
ЛИЦЕЙ АУМАҒЫНДА СЕНБІЛІК





Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде ағымдағы жылдың 11 сәуір күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында лицей аумағында сенбілік өткізілді.Аталған сенбіліктің басты мақсаты – білім ордасының аумағын қоқыстан тазарту, қоршаған ортаның тазалығын сақтау мәдениетін қалыптастыру және оқушылардың экологиялық жауапкершілігін арттыру болды.
Жиналған қоқыстар арнайы орындарға шығарылды, аула аумағы ретке келтіріліп, ирригациялық жүйелер мен жасыл желек айналасы тазартылды.
Игі іске белсенді қатысқан қызметкерлерімізге алғыс білдіреміз. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай маңызды шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.