03
сәуір
2026
“ КІТАП- ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ “ ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚУ МАРАФОНЫ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ ЖОБАСЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында 5-сынып оқушылары арасында «Кітап – ғажайып әлемі» тақырыбында оқу марафоны өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Марафон барысында «Кейіпкер сөйлейді», «Егер мен кітап болсам», «Ойлан, тап», «Сөз құра» ойындары ұйымдастырылып, оқушылар белсенді қатысып, өз тапқырлықтары мен қиялдарын көрсетті. Шара балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, танымдық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.



