«КОНСТИТУЦИЯ : БОЛАШАҚҚА БАСТАР БАСТЫ БАҒДАР» » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «КОНСТИТУЦИЯ : БОЛАШАҚҚА БАСТАР БАСТЫ БАҒДАР»
31
наурыз
2026

«КОНСТИТУЦИЯ : БОЛАШАҚҚА БАСТАР БАСТЫ БАҒДАР»

Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты  Ө. Жолдасбеков  атындағы  №9 ІТ лицейінде 31 наурыз күні 11-сынып оқушыларының қатысуымен еліміздің құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мазмұнды тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Тәрбие сағатының басты тақырыбы – Жаңа Конституцияның мәні мен маңызы болды. Іс-шара барысында оқушылар еліміздің басты заң құжатының жаңартылған бағыттары, қоғам өміріндегі рөлі мен әрбір азамат үшін маңыздылығы жөнінде терең мағлұмат алды.
Кездесуді құқық негіздері пәні мұғалімдері – Б.Е.Нурсейтова және А.В.Петровская және ДТЖЖО А.Т.Асилова оқушылармен ашық пікір алмасып, Конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін білу, заң талаптарын құрметтеу секілді маңызды мәселелер кеңінен талқыланды.
Оқушылар тәрбие сағаты барысында өз ойларын еркін жеткізіп, түрлі сұрақтар қойып, пікірталасқа белсенді қатысты. Бұл өз кезегінде олардың сыни ойлау қабілетін дамытып, қоғамдық мәселелерге деген көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.
Аталған іс-шара – жас ұрпақтың бойында патриотизмді, жауапкершілікті, заңға құрметті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды. Конституцияны құрметтеу – ел болашағына деген құрмет екенін ұғынған оқушылар үшін бұл кездесу ерекше тәрбиелік мәнге ие болды.
✨ Осындай мазмұнды кездесулер арқылы лицейімізде білім мен тәрбиені ұштастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табуда.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив