« НАУРЫЗ-ЖЫЛ БАСЫ » ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘРБИЕ САҒАТЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » « НАУРЫЗ-ЖЫЛ БАСЫ » ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘРБИЕ САҒАТЫ
17
наурыз
2026

« НАУРЫЗ-ЖЫЛ БАСЫ » ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘРБИЕ САҒАТЫ

«Адал азамат біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы № 9 ІТ лицейінде 2026 жылдың 16 наурыз күні «Наурыз – жыл басы» тақырыбында 1–11 сынып оқушыларына арналған сынып сағаттары ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының тарихи және тәрбиелік мәнін түсіндіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру болды.
Сынып сағаттары барысында Наурыз мейрамының шығу тарихы, оның халқымыздың тұрмыс-тіршілігіндегі орны, бірлік пен татулықты, жаңару мен ізгілікті дәріптейтін мереке екендігі кеңінен айтылды. Оқушылар ұлттық салт-дәстүрлер туралы ой бөлісіп, мерекенің адамгершілік құндылықтарын түсінуге бағытталған тәрбиелік әңгімелер жүргізілді.
Сонымен қатар тәрбие сағаттары аясында 10 минуттық қауіпсіздік сабақтары өткізіліп, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес маңызды тақырыптар қамтылды:
🔹 1–4 сынып оқушыларына – «Ойыншықтарды қауіпсіз пайдалану ережелері» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, балаларға ойыншықтарды дұрыс қолдану, қауіпсіздік талаптарын сақтау, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау жөнінде пайдалы ақпараттар берілді.
🔹 5–7 сынып оқушыларына – «Әлеуметтік желілердегі мінез-құлық қағидалары» тақырыбында әңгіме өткізіліп, интернет кеңістігінде мәдениетті қарым-қатынас жасау, жеке ақпаратты қорғау, кибербуллингтің алдын алу және цифрлық қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
🔹 8–11 сынып оқушыларына – «Қауіпсіз еңбек жағдайларын қалай қамтамасыз ету керек?» тақырыбында түсіндірме жүргізіліп, еңбек мәдениеті, қауіпсіздік техникасы, жауапкершілік және өмірлік дағдылар туралы маңызды мәліметтер берілді.
Сынып жетекшілері ұйымдастырған тәрбие сағаттары барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салып, түрлі пікірталастар мен танымдық сұрақ-жауаптарға қатысты. Мұндай тәрбиелік іс-шаралар жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға құрметін арттырып қана қоймай, олардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, жауапкершілігі жоғары, саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
Наурыз – жаңару мен ізгіліктің, бірлік пен берекенің бастауы. Осындай мазмұнды тәрбие сағаттары арқылы оқушылардың бойында ұлттық рух, адамгершілік қасиеттер мен қауіпсіздік мәдениеті нығая түседі.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив