«STOPSTALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА ҚҰРМЕТ» АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНЫ АЯСЫНДА СЫНЫП САҒАТЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «STOPSTALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА ҚҰРМЕТ» АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНЫ АЯСЫНДА СЫНЫП САҒАТЫ
17
ақпан
2026

«STOPSTALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА ҚҰРМЕТ» АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНЫ АЯСЫНДА СЫНЫП САҒАТЫ

Шымкент қаласы  білім  басқармасына  қарасты  Ө. Жолдасбеков  атындағы  №9ІТ лицейімізде оқушылар арасында жеке шекараларды құрметтеу мәдениетін қалыптастыру, сталкинг, психологиялық қысым және жеке өмірге қол сұғу сияқты қауіп-қатерлердің алдын алу мақсатында «STOPSTALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА ҚҰРМЕТ» ақпараттық науқаны аясында мазмұнды әрі тағылымды сынып сағаты ұйымдастырылды.
📌 Сынып сағаты құқықтық квест форматында өткізіліп,
тақырыбы: «Құрмет, сенім және жауапкершілік – үйлесімді қарым-қатынастың кепілі» болды.
Іс-шараның басты мақсаты – білім алушыларға адамгершілік қарым-қатынас мәдениетін түсіндіру, «келісім» ұғымының мәнін ашу, жеке шекараның маңызын ұғындыру және құқықтық сауаттылықты арттыру.
Квест барысында оқушылар бірнеше кезеңнен өтіп, түрлі жағдаяттық тапсырмаларды орындады:
🔹 «Жеке шекара деген не?» – теориялық түсінік пен талқылау;
🔹 «Келісім бар ма?» – өмірлік ситуацияларды құқықтық тұрғыдан саралау;
🔹 «Қауіпсіз қарым-қатынас формуласы» – топтық жұмыс;
🔹 «Нөлдік төзімділік» – зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы ұстаным қалыптастыру.
Оқушылар пікір алмасып, өз көзқарастарын дәлелдеп, құрмет пен сенімге негізделген қарым-қатынастың маңызын түсінді. Әсіресе цифрлық ортадағы (әлеуметтік желілер, мессенджерлер) жеке шекараны сақтау, кибербуллинг пен онлайн-қудалаудың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.
Сынып сағаттарында: 
✔ жеке шекара – әр адамның қауіпсіздік аймағы екені;
✔ кез келген қарым-қатынаста өзара келісімнің маңызы;
✔ жауапкершілік пен заң алдындағы міндеттер;
✔ психологиялық және құқықтық қорғану жолдары түсіндірілді.
Сынып сағаты оқушылардың белсенді қатысуымен, ашық диалог форматында өтті. Мұндай тәрбиелік бағыттағы жұмыстар жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттырып қана қоймай, өзара сыйластық пен сенімге негізделген орта қалыптастыруға ықпал етеді.
«STOPSTALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА ҚҰРМЕТ» науқаны – қауіпсіз әрі құрметке негізделген білім беру ортасын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.
Біз – зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік ұстанымын қолдаймыз!
Құрмет пен жауапкершілік – әр қарым-қатынастың алтын қағидасы.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив