12
ақпан
2026
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және жауапты азамат тәрбиелеу мақсатында ауқымды профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Фильмдерде жасөспірімдердің заңсыз әрекеттерге араласуының салдары, ата-ананың рөлі, қоғам алдындағы жауапкершілік, қылмыстың адам тағдырына тигізер ауыр зардаптары нақты өмірлік мысалдар арқылы кеңінен ашылып көрсетілді. Оқушылар фильмді зор қызығушылықпен тамашалап, көріністерге талдау жасап, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
— заң талаптарын сақтаудың маңызын ұғындыру;
— қылмыстың алдын алу жолдарын түсіндіру;
— отбасындағы тәрбиенің рөлін ашу;
— әр баланың назардан тыс қалмауы керектігін насихаттау;
— саналы, жауапты тұлға қалыптастыру.
Лицей әкімшілігі алдағы уақытта да құқық қорғау органдарымен бірлескен осындай мазмұнды профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде жалғастырып, оқушылардың қауіпсіз әрі заңға құрметпен қарайтын ортада білім алуына бар күшін салатынын атап өтті.





