ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ
10
ақпан
2026

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде Шымкент қаласы білім басқармасының  30.01.2026 жылының 10-08-07/740 хатына сәйкес, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өрт қауіпсіздігі мен төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған қауіпсіздік сабағы ұйымдастырылды.
Іс-шараға Аль-Фараби ауданы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері арнайы қатысып, оқушылармен мазмұнды әрі пайдалы кездесу өткізді. Кездесу барысында мамандар балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпті жағдайлардың алдын алу, өрт кезінде дұрыс әрекет ету, тұрмыстағы қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде кеңінен түсіндірді.
Сабақта келесі маңызды тақырыптар қамтылды:
🔥 табиғаттағы өрт қауіпсіздігі қағидалары;
🏠 тұрғын үйлердегі өрт кезінде іс-қимыл алгоритмі;
🚫 балалардың отпен ойнауының алдын алу жолдары;
📞 төтенше жағдайда жедел қызметтерге хабарласу тәртібі.
Құтқару қызметінің өкілдері нақты өмірлік мысалдар келтіріп, практикалық кеңестер берді. Оқушылар сұрақ қойып, өздерін толғандырған жағдайлар бойынша жауап алды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, жауапкершілік сезімін арттыруға және төтенше жағдайда дұрыс шешім қабылдауға үйретуге үлкен үлес қосады.
Балалардың қауіпсіздігі – басты құндылық! Осындай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив