ТӘРБИЕ САҒАТЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
қаңтар
2026

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

4-апта дәйексөзі: «Әділет жолы – адал жол» (26–30.01.2026 ж.)
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы  №9 ІТ лицейінде тәрбие жұмысының апталық дәйексөзі аясында барлық сыныптарда мазмұнды әрі тағылымы мол сынып сағаттары мен қауіпсіздік сабақтары ұйымдастырылды. Аптаның басты мақсаты – оқушылардың бойына адалдық, әділдік, жауапкершілік, құқықтық сауаттылық пен қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.
1–4 сыныптарда «Менің ертеңім…» тақырыбындағы сынып сағаттары және 10 минуттық қауіпсіздік сабақтары өтті. Бастауыш сынып оқушылары өз болашақтары туралы ой бөлісіп, жақсы адам болудың, адал еңбек етудің, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болудың маңызын түсінді. Қауіпсіздік сабақтарында күнделікті өмірде өзін қорғау, қауіпті жағдайлардан сақтану жолдары қарастырылды.
5–8 сыныптарда «Отбасылық құпия сөз», «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыптарында және «Көшедегі қауіпсіз ойын алаңының қағидалары» бойынша қауіпсіздік сабақтары өткізілді. Оқушылар отбасы ішіндегі сенім мен жауапкершіліктің рөлін талқылап, өз құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтырды. Сонымен қатар, көшеде және ойын алаңдарында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтау қажеттігі кеңінен түсіндірілді.
9–11 сыныптарда «Арам мен адал, обал мен сауап – ұлтымыздың ұстанымы» және «Шынайы достық пен жалған достықты ажырату» тақырыптарында сынып сағаттары өтті. Жоғары сынып оқушылары ұлттық құндылықтар, ар-ождан, адалдық ұғымдары жөнінде пікір алмасып, өмірде дұрыс таңдау жасаудың маңызын талдады. Достықтың шынайы белгілерін айқындап, теріс ықпалдан сақтану жолдарына назар аударды.
Өткізілген іс-шаралар оқушылардың құқықтық мәдениетін арттырып, қауіпсіздік ережелерін сақтауға, адалдық пен әділдікке негізделген өмірлік ұстаным қалыптастыруға бағытталды. Апталық барысында әрбір жас ерекшелігіне сай тәрбиелік мазмұн қамтылып, мектеп ұжымының бірлескен жұмысының нәтижесінде құндылықтарға негізделген тәрбиенің маңызы тағы бір мәрте айқындалды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив