ТӘРБИЕ САҒАТЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
қаңтар
2026

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Апта дәйексөзі: «Тәртіп – тәрбие бастауы»
Қаңтар айының 3-аптасында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейдің  1–11 сыныптарда тәрбиелік және қауіпсіздік бағытындағы сынып сағаттары өткізілді.
👧👦 1–4 сынып оқушылары үшін
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, балаларға мейірімділік, өзара сыйластық, достық қарым-қатынас және қауіпсіз орта құндылықтары түсіндірілді.
Қауіпсіздік сабағында (10 минут) «Бір-бірімен үйлеспейтін өнімдер. Тамақ пен эксперименттер» тақырыбы арқылы тұрмыстық қауіпсіздік ережелері қарастырылды.
🧒 5–8 сынып оқушылары үшін
«ДОСБОЛLIKE» жобасы аясында
«Қорқыныш сезімі – дос па әлде жау ма? (Буллингтен қорған!)» тақырыбында әңгімелер жүргізіліп, оқушыларға буллингтің алдын алу, өз ойын ашық жеткізу және көмек сұрау жолдары түсіндірілді.
Қауіпсіздік сабағында (10 минут) «Көшедегі қауіпті нысандардан қалай аулақ болуға болады? (электрощит)», сондай-ақ «Реттеушінің белгілері» (ЖЖЕ №5) бойынша жол қозғалысы және электр қауіпсіздігі ережелері пысықталды.
🎓 9–11 сынып оқушылары үшін
«Кибербуллингке қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп, интернеттегі әдеп, жауапкершілік және жеке қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
Қауіпсіздік сабағында (10 минут) «Күмәнді манипуляцияларға ұшырамаудың жолдары» тақырыбы қозғалып, оқушыларға ақпараттық сауаттылық пен сын тұрғысынан ойлау дағдылары қалыптастырылды.
Өткізілген сынып тәрбие сағаттары оқушылардың: ✔️ тәртіпке бағыну
✔️ қауіпсіздік ережелерін сақтау
✔️ зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу
✔️ саналы әрі жауапты тұлға болып қалыптасуына
бағытталған маңызды тәрбиелік мәнге ие болды.
Тәртіп – тәрбиенің бастауы,
қауіпсіздік – болашақ кепілі.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив