16
қаңтар
2026
КИІМДІ ТҮРЛЕНДІРУ ЖӘНЕ ТІГІН БҰЙЫМДАРЫН СӘНДЕУ САБАҒЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы 9 IT лицейінде, Музыка және көркем еңбек бірлестігі әдістемелік апталығында, ”Киімді түрлендіру (трансформация) және тігін бұйымдарын сәндеу “ тақырыбында Алтынбекова Б,Симагамбетова Ж. ашық сабақ өтті 
Сабақта оқушылар киімді түрлендірудің заманауи тәсілдерімен және тігін бұйымдарын сәндеудің шығармашылық жолдарымен танысты.
•
Сабақ барысында оқушылар:
• киімді қысқарту, ұзарту, пішінін өзгерту арқылы трансформациялауды үйренді;
• киім, аксессуарлар мен бижутерияларды әшекейлеу тәсілдерін (шілтер, кружева, тесьма, бисер, пайетка, кестелеу, жапсырма) қолданды;
• дайын бұйымға дизайнерлік көзқараспен қарауды меңгерді.
Қалыптасқан дағдылар:
• эстетикалық талғам мен стильді сезіну;
• қол еңбегі мен дәлдік;
• шығармашылық ойлау және қиял;
• ұлттық және заманауи сән элементтерін үйлестіру.
•
Сабақ оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, сән әлеміне деген қызығушылығын арттырды.
Әр оқушы өз жұмысында ерекшелік пен даралықты көрсете білді.


