09
қаңтар
2026
СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ БАҒЫТТАҒЫ ҮЙІРМЕ
Ө. Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде қолөнер, сәндік-қолданбалы бағыттағы үйірме жетекшісі Г. Сугралиеваның ұйымдастыруымен «Ою-өрнектерді желімдеу арқылы бұйым дайындау» тақырыбында шеберлік сабағы өтті. Сабақ барысында оқушылар ұлттық нақыштағы әсем бұйымдар дайындады.
Сабақ барысында оқушылар:
– қазақтың ою-өрнектерінің мәнін түсінді;
– желімдеу және құрастыру техникасын меңгерді;
– шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытты;
– өз қолымен тұрмыстық бұйым жасауды үйренді.
Ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, эстетикалық талғамды қалыптастыру — басты мақсатымыз. Әр жұмыс — оқушының жеке еңбегі мен қиялының нәтижесі.






