ҚАУІПСІЗДІК -БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАУІПСІЗДІК -БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
08
қаңтар
2026

ҚАУІПСІЗДІК -БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Лицейімізде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында сынып жетекшілерге арналған қауіпсіздік сабақтары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шара барысында ДТЖЖО Н.Р.Дусметова және А.Т.Асилова сынып жетекшілеріге қауіпсіздік сабақтарының маңыздылығы, оны тәрбие жұмысымен ұштастыру жолдары, сондай-ақ оқушыларға қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берді.
Талқылау барысында: 🔹 оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау;
🔹 құқықбұзушылықтың алдын алу;
🔹 интернет, тұрмыстық және қоғамдық қауіпсіздік;
🔹 төтенше жағдай кезіндегі дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру
мәселелері кеңінен қарастырылды.
Сынып жетекшілері өзара тәжірибе алмасып, қауіпсіздік сабақтарын тәрбие сағаттарында тиімді өткізу жолдарын, заманауи әдістерді қолдану мүмкіндіктерін талқылады.
Бұл жұмыс оқушылардың жауапкершілігін арттырып, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы құндылықтарға негізделген тәрбиені нығайтуға бағытталды.
✨ Қауіпсіздік – әр баланың жарқын болашағының кепілі!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив