17
желтоқсан
2025
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» және «Жетістігімді еліме арнаймын» тақырыптарындағы тәрбие сағаттары 
Тәуелсіздік – ата-бабамыздың аңсаған асыл арманы, бүгінгі ұрпаққа аманат болған ең қастерлі құндылық. Осы ұлы мерекеге орай мектебімізде 1–11 сынып оқушыларына арналған тәрбие сағаттары өткізілді. Іс-шаралар «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай мазмұнмен толықтырылды.
«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» тақырыбындағы тәрбие сағатында оқушылар Тәуелсіз Қазақстанның тарихы, мемлекеттік рәміздердің маңызы, ел бірлігі мен бейбіт өмірдің құндылығы туралы мағлұмат алды.
Сонымен қатар 10 минуттық қауіпсіздік сабағында
«Ойыншықтарды қауіпсіз пайдалану ережелері» түсіндіріліп, балалардың күнделікті өмірдегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән берілді. Бұл – баланың өмірі мен денсаулығын қорғау, жауапкершілікке тәрбиелеу жолындағы маңызды қадам.
«Жетістігімді еліме арнаймын» тақырыбындағы тәрбие сағаты жас ұрпақтың азаматтық позициясын айқындауға, ел дамуына үлес қосуға деген ұмтылысын арттыруға бағытталды. Оқушылар жеке жетістік пен қоғамдық жауапкершіліктің өзара байланысын түсініп, болашақ мамандық пен адал еңбек туралы ой қозғады.
Ал қауіпсіздік сабағында
«Қауіпсіз еңбек жағдайларын қалай қамтамасыз ету керек?» тақырыбы қозғалып, еңбек қауіпсіздігі, құқықтық сауаттылық және өз өміріне жауапкершілікпен қарау мәселелері талқыланды.
Отанды сүю, адал болу, еңбекқорлық, қауіпсіздік мәдениеті мен азаматтық жауапкершілік сияқты негізгі құндылықтарды оқушы бойына сіңіру.
Біз осы бағытта бірлесе еңбек етуді жалғастырамыз!







